Қонақ, Қонақжайлылық туралы мақал-мәтелдер


Қонақ келсе құт келер.
 
Қонақ қойдан да жуас.
Май берсең де жей береді.
 
Қонақ аз отырып, көп сынайды.
 
Қонағым, жүре тоярсың.
 
Қонақты сөзбен тойғыза алмайсың.
 
Иесін сыйлағанның итіне сүйек сал.
 

 
Қонағын сыйламаған баласын ұрады,
Я үйін сыпырады.
 

Атың барда жер таны,
Асың барда ел таны.
 
Қонақ бір күн қонса — құт,
Екі күн қонса — жұт.
 
Шақырғанға бармасаң, шақырғанға зар боларсың.
 
Қонағын сыйласа төрге шық дейді.
 
Жолаушының азығы жолында.
 
Алдына ас қойдым, екі қолын бос қойдым.
 
Сыпайының итіне кет дегенің — өзіңе кет дегенің.

Қонағым өз үйіңді де ойлай отыр.

Бұрынғы қонақ соңғы қонаққа орын берер.

Қонаққа «кел» демек бар, «кет» демек жоқ.
 
Сыйлы қонақ босағада отырмайды.
 
Көңіл кең болса, үйдің тарлығы білінбес.
 
Тоқ қонақты сыйлау оңай.
 
Жаман үйдің қонағы билейді.
 
Жолаушыны сусындатпай тұрып
Бұйымтайын сұрама.
 
От жағылмаған үй — қора,
Кісі келмеген үй — мола.
 
Екі үйдің қонағы
Емексіп жүріп аш қалар.
 
Құс жеткен жеріне қонар,
Қонақ қалаған үйіне қонар.
 
Келгенше қонақ ұялар,
Келген соң үй иесі ұялар.
 
Қонақ келсе ет пісер, ет піспесе бет пісер.
 
Сойса қозы өледі, соймаса езі өледі.
 
Қонағым, сен «ет» деме,
мен «кет» демеймін.

 
Итті қонақ жараспас.
 
Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.
 
Сыйларға асың болмаса,
Сыйпарға тілің болсын.
 
Сыпайы қонақ сыйынды жейді,
Мылжың қонақ мыйынды жейді.
 
Үй-іші толған жансың,
Бір-біріне мейман жансың.

Арбалы қонақ аштан өледі.

Қонақ берсең, етіңді жейді,
Бермесең бетіңді жейді.

Қонақ келсе есікке, 
жүгіріп шық, кешікпе.

Қонақ қонбай кетпейді,
Шақырып қондырғанға жетпейді.

Қонақ - қонған жеріне ауыр,
Тас - түскен жеріне ауыр.

Қонақ жаман болса,
Үй иесі қыдырады.
Үй иесі жаман болса,
Қонақ қыдырады.

Қонақ таңдап қонады,
Ұры басынып ұрлайды.

Қонақ көзінше итіңе де кет деме.

Қонақасы қазақтың бөлінбеген еншісі.

Қонақ өз несібесін ішеді.

Қонағы көп үйдің баласы тоқ.

Қонаққа барсаң, нәпсіңді тый.

Малымды алса алсын,
Қонағымды алмасын.

Қыдырып ішкен тамақтың кенеуі жоқ,
Қыдырып сөйлеген биліктің елеуі жоқ.

 

 

Асығу, баппен істеу, асықпау туралы мақал-мәтелдер
 


Шапшаңдықтан қашпа, аптығуға баспа.
 
Қойшы көп болса, қой арам өлер.
 
Түйе көп болса, жүк симас.
 
Қатын көп болса, шөмішті ит жалайды.
 
Асыққанның аяғы етегіне оралады.

 
Шабан үйрек бұрын ұшар.
 
Бүгін бітер істі ертеңге қалдырма.
 
Бір лақ екі адамды талтаңдатады.
 
Таз таранғанша той тарқар.
 
Той сылтауымен тон бітер.
 
Отырған қыз орнын табар.
 
Асыққан қалар ұятқа,
Сарғайған жетер мұратқа.
 
Асыққан жолаушы, атына теріс мінеді.
 
Ойшы ой ойлағанша, тентек ісін бітірер.
 
Тоғыз қатынның толғағы бір келді.
 
Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.
 
Шапшаң жүрсең шаң жұқпас.

Показать друзьям

Новые изделия и акции

Принимаем карты

   

   

Дружите с нами Instagram

 

            @dastyr01